ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ПОЛЬША-ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2024 ж. 20 мамырында Астана қ. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша Польша-Қазақстан білім беру орталығы және BLS (Basic Life Support) ашылды. Жоба «Еуропалық құтқару және қауіпсіздік орталығы» қауымдастығымен, Быдгощ қ. Дене шынықтыру және спорт институтымен (Польша), WOPR (Польшалық суда құтқару орталығы) және Польшаның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Орталықтың ресми ашылуына Mr. Maciej Koscieszynski – Астанадағы Польша елшілігінің бірінші хатшысы қатысты.

Бағдарлама еуропалық елдердің жетекші ғылыми сарапшыларының қатысуымен әзірленді және халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми негізделген методиканы ұсынады. Оқыту процесінде LEARDAL (Норвегиялық симуляциялық оқыту жабдығы), жоғары сапалы деректерді талдауды қамтамасыз ететін жасанды интеллект қолданылады.

Жоба аясында Академияның оқытушылары, студенттері, сондай-ақ Астана қаласының дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт жаттықтырушылары тағылымдамадан өтеді.

Оқыту 19-24 мамыр аралығында ақысыз түрде жүргізіледі және қатысушыларға халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттар табысталады.

- А тобы - 8 адам (BLS/AED Provider сертификаты)

- В тобы - 32 адам (BLS/AED Provider сертификаты)

- С тобы - 240-360 адам (RITA сертификаты)

Академия бүгінгі таңда қоғамға оң әсер ету үшін оқытуды, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды біріктіретін 4-ші буын ЖОО бола отырып, спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығы болуды көздейді.

Сотрудничество