Қосдипломдық білім беру мәселесі бойынша Быдгощ (Польша) экономика Жоғары мектебімен ынтымақтастық

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясы Жешув технологиялық университеті, Познань қаласындағы Князь Мешка I атындағы қолданбалы ғылымдар Академиясы, Кельце қаласындағы Ян Кохановский Университеті, Евгений Пясецкий атындағы Дене шынықтыру Академиясы, Быдгощ қаласындағы экономика Жоғары мектебі секілді Польша университеттерімен қарым-қатынасты қарқынды орнатып жатыр.

11.01.2024 күні Быдгощ қаласындағы экономика Жоғары мектебінің серіктестерімен, оның ішінде, шығыс ЖОО-ларымен ынтымақтастық бойынша Декан, ғылым докторы Татьяна Скалиймен кезекті онлайн кездесу болды. Кездесуді ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті өткізді, аталмыш жиналысқа академиялық қызмет бойынша проректор Қуанғалиева Тұрсынзада, ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департамент директоры Тен Алина, халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы Сапарова Дина қатысты. 

Жиналыс барысында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, бірлескен ғылыми жобалар тұжырымдау, Быдгощ экономика Жоғары мектебімен бірлесе отырып жасалатын «Sport management» МВА және ЕМВА инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру секілді ынтымақтастық бағыттары егжей-тегжейлі талқыланды.

Алайда, кездесу күнтәрбінің негізгі мәселесі APEMS және Быдгощ экономика Жоғары мектебі арасындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын тұжырымдау және қосдипломды білім беруді талқылау болды. Қосдипломды білім беруді дамыту APEMS халықаралық ынтымақтастығының басымдық берілетін бағытының бірі болып саналады, бұл екі университеттің де студенттері үшін 2 мемлекет димломын алу секілді ерекше мүмкіндік береді сонымен қатар, жаһанды білім беру ортасына бірігуге және білім алмасуға септігін тигізеді.

Сотрудничество