EMBA SPORT MANAGEMENT ЕКІ ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЕКІНШІ КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Астанада EMBA SPORT & WELLNESS FORUM 2025 форумы өтті. Шараны Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы ұйымдастырды.

Форум аясында Executive MBA Sport Management екі дипломды магистрлік бағдарламасының ресми таныстырылымы өтті. Аталған бағдарлама Францияның EKLORE School of Management университетімен бірлесіп жүзеге асырылады – бұл оқу орны спорттық бизнес пен басқару саласындағы Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналады.

Форум барысында жаңа халықаралық екі дипломды бағдарламаға қабылдау және тіркеу бойынша салтанатты келісімшартқа қол қою рәсімі өтті.

Алматы қаласындағы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің (ШВСМ) директоры – Еркін Әбдрәшбайұлы Қазыбаев алғашқы қатысушылардың бірі болып, EKLORE School of Management серіктестігімен жүзеге асырылатын Executive MBA Sport Management бағдарламасына ресми түрде қабылданды.

Бұл оқиға – халықаралық стандарттарды енгізуге, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстанның спорт индустриясын жаһандық деңгейде дамытуға қабілетті жаңа буын басқарушыларын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Сотрудничество