EMBA Sport Management. Бельгиядағы шетелдік тағылымдама

EMBA Sport Management бағдарламасының тыңдаушылары 2024 жылдың 13-19 қазан аралығында Бельгияда шетелдік тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама аясында «Спорт менеджменті: спорт индустриясын басқарудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында еуропалық біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Тағылымдама Еуропа Олимпиадалық комитеті, Бельгия Олимпиадалық комитеті (Team Belgium), Belgian Education Council, Panathlon International, Брюссель еркін университеті, Антверпен университеттері қауымдастығы, Роттердамдағы Эразмус университеті және басқа да ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылады.

Тағылымдама аясында тыңдаушылар Нидерландыға да сапар жасады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибені зерттеу, оны отандық спорт индустриясына бейімдеу дағдыларын дамыту, кәсіби біліктілікті арттыру және шетелдік серіктестіктерді орнату.

 

Сотрудничество