ЕКІ ДИПЛОМДЫ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЗАҚСТАН – ФРАНЦИЯ

2025 жылғы 28 маусымда Астанада EMBA SPORT & WELLNESS FORUM 2025 форумы өтті. Шараны Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Форум аясындағы басты оқиғалардың бірі - екі дипломды магистрлік бағдарламаның ресми іске қосылуы болды. Бағдарлама Францияның EKLORE School of Management университетімен бірлесіп әзірленген. Бұл оқу орны - спорт және wellness индустриясы үшін басқарушы мамандар даярлау саласындағы Еуропадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

Бағдарлама келесі екі бағыт бойынша дайындықты ұсынады:

  • EMBA «Sport Management»
  • EMBA «Leadership in Sport Medicine & Wellness»

EKLORE университетінің өкілі Улисс Уврю форумда сөз сөйлеп, бағдарламаның іске қосылуы спорт пен wellness саласындағы басқарушыларды бірлесіп даярлаудағы халықаралық ықпалдастық үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Сотрудничество