Діни экстремизмнің алдын алу

2022 жылдың 18 қараша күні Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған имаммен кездесу болды.

Кездесу ұйымдастырудың мақсаты:

Жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдар туралы имаммен ашық пікір алмасуы, кереғар діни ағымдардың кері әсерлері туралы жастарға түсіндіру, діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету, өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру.

Кездесуге Әлжан ана мешітінің найб имамы Ақтанов Азамат шақырылды. Кездесуге академия қабырғасында білім алып жүрген бір топ студенттер қатысып, қоғамдағы діни экстремизмге қатысты бір қатар шаралармен танысты. Көкейде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Сотрудничество