Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті – Емберді Едіге Испанияның Леон қ. өткен ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Едіге 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жаттығулар жиынтығында (154 + 199) екі алтын медальға ие болып, жастар арасында Әлем чемпионы атанды.

Едігенің әлем чемпионаттарында ұтқан 3 алтын медальдері мен рекордары бар:

2022 жылы (73 кг), 306 кг (134+172)

2023 жылы (81 кг), 336 кг (145+191) 

2024 жылы (89 кг), 352 кг (154 + 199)

Академия студенті Емберді Едігені мақтан тұтамыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер мен рекордтарды тілейміз!

 

 

Сотрудничество