13 маусым Үндістанда (Гандинагар қ.) шахматтан Әлем Чемпионаты: FIDE World Junior додасында еліміздің намысын қорғап шыққан Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Нөгербек Қазыбек Әлем чемпионы атанды! Турнирге 123 шахматшы қатысты, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шеберлер болды.
Қазыбек Үстел спорты (шахмат) бойынша педагог-жаттықтырушы инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша оқиды. Бұл жеңіс Қазыбекке алтын медаль ғана емес, Әлем Кубогына жолдама алып келді.
Бұл жетістік Қазыбекті жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында жеңіске жеткен Қазақстандық санаулы шахматшылардың қатарына қосады .
Қазыбекті осы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!