Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының «6В01402 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және бұқаралық дене шынықтыру және сауықтыру жұмысы бойынша нұсқаушы-әдіскер даярлау» білім беру бағдарламасының2 курс студенті Алуа Есжанова ұтқырлық бойынша байқау іріктемесінен өтіп, қазіргі кезде Польшаның Быдгощ қаласының экономика Жоғары мектебінде білімін жалғастыруда.
Быдгощтағы экономика Жоғары мектебі Польшаның солтүстігіндегі аса ірі жеке жоғары оқу орындарының бірі, сонымен қоса, 19 білім беру бағдарламаларына тиесілі 80 мамандықты таңдауға мүмкіндік береді. Университетте 7000 жуық студент бар, олардың басым көпшілігі шетелдік студенттер. Быдгощ қаласының Экономика Университеті ERASMUS+бағдарламасының қатысушысы, бұл серіктес ЖОО-мен студенттік алмасу мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. Университетте футбол, волейбол, баскетбол және спорттың өзге бағыттары бойынша топтар жасақталған, олар университет шегінде де, одан тысқары жерлерде де жарыстарға қатысып отырады.
Атап өтерлігі, Алуа Польшадағы Жешуев Университетінде академиялық ұтқырлық бойынша оқыған. Осылайша, халықаралық білім алудың орасан зор тәжірибесіне ие бола отырып, ол Быдгощтағы экономика Жоғары мектебінің нақты дене шынықтыру бағыты бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға шешім қабылдайды, осы арқылы оның Быдгощ университеті теннис командасының мүшесі болуға және жаттығу үрдісін жалғастыруға мүмкіндігі болады. Өз кезегінде, Быдгощ экономика жоғары мектебі шетелдік студенттерді құшақ жая қарсы алып, Алуаны келген күні ұйымдастырушылық және бейімделу мәселелерін шешуге көмектесті.