Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы – астанадағы спорт саласындағы алғашқы мамандандырылған жоғары оқу орны, түрлі әлеуметтік топтардан шыққан дарынды спортшылар мен студенттерді белсенді түрде қолдайды. Бүгінгі таңда 50-ден астам студенттер Ректор грантында оқиды. Ректорлық грант жыл сайын спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген талапкерлер мен студенттер арасында бөлінеді.
Тек 2023 жылы 30-дан астам студенттер Ректор грантын иеленді. Грант иегерлерінің көпшілігі спорт шеберлері және халықаралық спорт шеберлері болып табылады, мысалы:
Аманұлы Дәулет – комбат джиу-джитсудан әлем чемпионы (Латвия, Даугавпилс қ.) және Азия чемпионы (Алматы қ.), ҚР спорт шебері.
Жанисов Санжар – Бүкіләлемдік Универсиаданың күміс жүлдегері (АҚШ, Лейк-Плэсид қ.), Қазақстан чемпионы, ҚР спорт шебері.
Меруерт Камалиденова – қыздар арасында шахматтан Қазақстан біріншілігінің көп мәрте жеңімпазы, әйелдер арасында халықаралық шебер (WIM), қыздар арасында әлем чемпионы, 2021 жылғы әйелдер арасында Қазақстан чемпионы.
Нөгербек Қазыбек – 18 жасқа дейінгі шахматтан әлем чемпионы, 2024 жылғы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы (Гуджарат штаты, Үндістан). 2024 жылғы екінші ФИДЕ Конгресінде Нөгербекке гроссмейстер атағы берілді.
Академия өз студенттерімен мақтанады және олардың жаңа биіктер мен жеңістерге жетуіне қолдау көрсетуді жалғастырады!