Дойбы ойнау логикалық және абстрактілі ойлау қабілетін дамытады; табандылыққа тәрбиелейді, ең бастысы есте сақтау қабілетін дамытады.
2023 жылдың 7 ақпан күні APEMS оқытушылары мен студенттері арасында дойбы турниры өтті. Турнирге 20 студент және 6 оқытушы қатысты. Турнирдің нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
1-ші орын: INS2201 тобының студенті, дойбы ойынынан спорт шебері – Наралиев Айбек;
2-ші орын: TR2202 тобының студенті – Амирова Зарина;
3-ші орын: жаттықтырушы – Берекетов Мейіржан.
Дойбы турнирін ұйымдастыруға демеушілік көмек көрсеткен «Cheaster chess club» шахмат клубына (Астана қ., Ұлы Дала, 23) алғыс айтамыз!