APEMS студенттерінің педагогикалық тағылымдама нәтижелері

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының 1 курс студенттері педагогикалық тағылымдаманы сәтті аяқтап, кәсіби тағылымдама аясында атқарған жұмыстары бойынша есептерін қорғады!

Педагогикалық тағылымдама студенттердің кәсіби дағдылары мен білімдерін ұштауға өз септігін тигізді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта білім беру ұйымдарының, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерімен жұмыс барысында студенттер жоғары дайындық деңгейін, көшбасшылық және коммуникативті қабілеттерін көрсетті. Олар алған білімдері мен әдіс-тәсілдерін ойдағыдай қолданып, дене шынықтыру және спорт бойынша қызықты әрі тиімді сабақтар ұйымдастырды.

Педагогикалық практика есептерін қорғау студенттердің кәсіби дамуының маңызды қадамы болды. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз және оларға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде алдағы еңбектеріне табыс тілейміз.

Сотрудничество