10-12 қараша күндері Даугавпилс қаласында (Латвия) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Жарысқа жер-жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының 80 спортшысы бар.
Біздің студентіміз 57 келі салмақта бақ сынасып, барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Украина, үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары жайғасты.
«Біздің спортшылар әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көріну – өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі, тамаша жетістік. Құрама спортшыларын, оның ішінде жаттықтырушылар штабын шын жүректен құттықтаймын. Әрі қарай да өз жанкүйерлеріңізді жарқын жеңістермен қуантасыздар деп үміттенемін», - деді Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.