APEMS оқытушылары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

APEMS сеньор-лекторы, қоғамдық ғылымдар магистрі, PhD докторант Дәурен Сайлаубайұлы Смагулов және APEMS сеньор-лекторы,PhD докторыГүлден Уалиханқызы Ахметшина2024 жылғы 24 ақпанда Астана каласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен «Кәрім Мыңбаев атындағы № 59 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК өткізген «Үздіксіз білім беру – тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өтуіне атсалысты.

Қоғамдық ғылымдар магистрі, PhD докторант Д. С. Смагулов аталған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысының модераторы болды және сонымен қатар, «Кәрім Мыңбаев – қазақтан шыққан тұңғыш биология ғылымдарының докторы» атты баяндама оқыды.

PhD докторы Г. У. Ахметшина «Қазақстандық тарих ғылымы мен білім беруді дамыту: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты Тарих пәні мұғалімдері секциялық отырысының модераторы болды.

APEMS оқытушылары Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Қытай, РФ және Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ден аса мектеп ұстаздары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысқан халықаралық конференцияда өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға қатысты.

 

Сотрудничество