APEMS Business Academy “Sport Management” EMBA бағдарламасын жаңа тыңдармандарға таныстырды

2024 жылғы жылдың 20 сәуірде Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының APEMS Business Academy-сы спорт индустриясы саласында өз қызметін жүзеге асыратын орта және жоғары буын басшыларына, менеджерлеріне арналған «Sport management» МВА және ЕМВА инновациялық білім беру бағдарламасының жаңа тыңдаушыларымен екінші кездесу өткізді. Бағдарлама Қазақстанда алғаш рет әзірленіп, ұсынылып отыр. Соған қарамастан бағдарлама өзін спорт индустриясы аясында менеджмент, маркетинг және қаржыны терең зерделеуді ұсынатын бизнес-білім беру саласындағы ең өзекті бағдарлама ретінде көрсете білді. Быдгощ қаласындағы Экономика университеті (Польша), Бельгияның білім беру кеңесі (Бельгия) және Спорт федерацияларымен бірлесіп әзірленген «Sport management» МВА және ЕМВА бағдарламасы спорттық менеджмент және әкімшілендіру бойынша практикалық білімі мен дағдылары бар спорт ұйымы басшыларының біліктілік деңгейін арттыруға және қосымша басқару құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. ЕМВА бағдарламасының тыңдаушылары - ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, спорт ұйымдарының басшылары, спорт клубтары мен мекемелерінің топ менеджерлері. Бағдарлама модульдік оқыту қағидаларына негізделіп құрылған және «Спорт индустриясын халықаралық деңгейде ілгерілету», «Цифрлық шешімдерді қолдана отырып жобаларды басқару», «Бизнесті және ивент-индустрияны жүргізу үшін Smart-қаржыландыру», «Интеграцияланған басқару модулі» және «Эксперименттік-зерттеу жұмысы» модульдерінен тұрады. APEMS Business Academy тыңдаушыларының қосымша құзыреттерін дамыту мақсатында «Халықаралық құқық және басқару менеджері», «Қаржылық талдаушы-маркетолог», «IT-талдаушы» сияқты микробіліктіліктерді беру көзделген.

 

 

Сотрудничество