APEMS BUSINESS ACADEMY SPORT EMBA TALKS ФОРУМЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ - Академия физической культуры и массового спорта

2025 жылдың 19 сәуірінде Астана қаласында APEMS Business Academy және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Sport EMBA Talks форумы өтті. Іс-шара спорт менеджменті саласындағы жетекші халықаралық білім беру ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Executive MBA (EMBA) бағдарламасының екінші ағымының түлектеріне диплом табыстау рәсіміне арналды.

Executive MBA бағдарламасы спорт саласындағы жоғары буын басшыларының басқарушылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Форум EMBA Sport Management бағдарламасының екінші легінің оқыту кезеңінің маңызды қорытындысы болып, Қазақстандағы спорт менеджментінің болашағына қатысты пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

Форум жұмысына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Спортты дамыту дирекциясы, спорт федерацияларының өкілдері, сондай-ақ APEMS Business Academy тыңдаушылары мен түлектері қатысты. Қазіргі таңда EMBA Sport Management бағдарламасында 200-ден астам тыдармандар білім алуда.

Sport EMBA Talks форумы кәсіби бизнес-білімнің спорт саласы үшін өзектілігін тағы да дәлелдеп, спорт саласындағы жетекші мамандар арасындағы жаңа серіктестіктер мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. EMBA Sport Management бағдарламасы Қазақстанда спорт саласының көшбасшыларын даярлайтын жетекші білім беру платформаларының бірі ретінде өз позициясын нығайта түсуде.

Сотрудничество