Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы APEMS 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру және отандық спорт ғылымын одан әрі дамыту шеңберінде ЮНЕСКО бағдарламасы аясында Корея спорттық ғылымы институты (бұдан әрі – KISS) ғалымдарының жаһандық дәрістер курсын ұйымдастырды. Ғалымдар делегациясын KISS президенті, доктор Song Kanyoung басқарды.
2024 жылдың 14-15 қазанында Корея Республикасының спорт ғылымы саласындағы жетекші ғалымдары Cho Hyunjoo, Jeong Jaehyeong, Park Sangheon, Lee Wanyoung, Kim Jin Kook спорт саясатын, спорт индустриясын дамыту, жоғары жетістіктер спорт деңгейінде зерттеулер жүргізу және даму тәсілдері бойынша бағдарламаларды іске асырудың тәжірибесі мен тиімді кейстерімен, бұқаралық спортты дамыту тәсілдерімен бөлісті. Корея спорттық ғылымы институтының инфрақұрылымын көрсете отырып, ғалымдар спорт нысандарына және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге баса назар аудара отырып, қалалардың инфрақұрылымын өзгерту арқылы Корея Республикасында спортты дамыту жөніндегі ауқымды ұлттық жобалармен бөлісті, ұлттық спорттың даму динамикасы, корей азаматтарының дене белсенділігіне және спорт нысандарына қолжетімділікке қатынасы туралы деректермен көпжылдық жұмыстың маңыздылығын, Корея Республикасы қалаларының спорттық инфрақұрылымын нығайту призмасы арқылы демографиялық мәселелерді шешуді атап өтті. Тыңдаушылар корей ғалымдарының баяндамалары өзекті болғанын және KISS ғалымдары қатысушылармен қуана бөліскен тәжірибесінің мазмұнды екенін атап өтті.
Біз Академия және Корея спорттық ғылымы институты арасындағы серіктестікті жоғары бағалаймыз және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының спортын, ғылымын және білімін дамыту бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу, білім беру-ғылыми іс-шаралар өткізу үшін жаңа перспективалар ашатын одан әрі ынтымақтастыққа шын жүректен үміттенеміз.