2024 ж. 8 қыркүйегінде Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына Үндістандағы Қазақ күресі қауымдастығының президенті мен Shaheed Sukhdev College of Business Studies өкілдері келді.

Кездесу барысында ұлттық спорт түрінен спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Академия әзірлеген Қазақстандағы алғаш рет жүзеге асырылып отырған «Қазақ күресінен педагог-жаттықтырушы» білім беру бағдарламасы аясында қазақ күресін дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуде спорттық білім беруді, атап айтқанда Спорт менеджментін дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған ынтымақтастық профессор-оқытушылар құрамын жұмылдыра отырып, ортақ ғылыми және ғылыми-технологиялық зерттеулер ұйымдастыруды, студенттер алмасуды, әртүрлі деңгейдегі конференциялар, семинарлар өткізуді және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды көздейді.

Үндістан делегациясының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына сапары Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орайластыра ұйымдастырылған болатын.

Сотрудничество