2024 ж. 11 қыркүйекте Apems-те Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен, сондай-ақ World Nomad Games 2024-ке қатысу үшін Қазақстанға келген американдық ковбойлармен кездесу өтті.

Іс-шара аясында академия студенттері «Тұсау кесу», «Ләңгі тебу», «Асық ату» және «Арқан тарту» сияқты ұлттық дәстүрлер мен ойындарды көрсетті. Оған қонақтар үлкен қызығушылық танытып, ойындарға қатысты. 

Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.

АҚШ елшілігінің өкілі - Мәдениет және білім беру атташесі Полен Гардқа Академиядан алғыс хат табыс етілді. Кездесу барысында тараптар ат спорты түрлерін дамыту, екі елде көкпар мен американдық родеоны танымал ету жайлы, сондай-ақ 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтіп жатқан  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өту барысын талқылады.

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, АҚШ Елшілігі және АҚШ ковбойлары қауымдастығының өкілдері мәдени және спорттық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді

Сотрудничество