№ |
Пәндер |
Профессор |
Қауымдастырылған профессор, доцент |
Сеньор-лектор |
Оқытушы |
«Әлеуметттік-гуманитарлық пәндер» департаменті |
|||||
1 |
Философия |
- |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
- |
2 |
Шетел тілі |
- |
|
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
3 |
Қазақ тілі |
- |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
4 |
Орыс тілі |
- |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
- |
5 |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
- |
6 |
Әлеуметтану |
- |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
- |
7 |
Саясаттану |
- |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
- |
8 |
Мәдениеттану |
- |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
- |
9 |
Психология |
- |
1 (PhD немесе ғылым кандидаты) |
- |
- |
«Спорттық білім және коучинг» департаменті |
|||||
1 |
Дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды даярлау саласында |
2 |
4 |
6 |
2 |
2 |
Спорттың анатомиялық-физиологиялық және медициналық негіздері бағытында |
1 |
2 |
1 |
- |
3 |
Психолого-педагогические дисциплины |
- |
1 |
- |
- |
Барлығы |
4 |
15 |
9 |
2 |
1. Бос лауазымның атауы: Профессор
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
- Академиялық / ғылыми дәрежесінің болуы: философия докторы (PhD) немесе ғылым кандидаты, бейін бойынша доктор немесе ғылым докторы.
- Ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметтегі үзіліссіз еңбек өтілі – ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша кемінде 3 жыл.
- «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын алғаннан кейінгі кезеңде кемінде 15 жарияланымының болуы, соның ішінде:
- ғылыми қызметтің негізгі нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда жарияланған кемінде 10 мақала;
- Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1 немесе 2 квартильге енетін немесе Scopus дерекқорында CiteScore көрсеткіші бойынша салалық процентилі кемінде 50 (елу) болатын халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 2 мақала.
- Кәсіби қызметке сәйкес шет тілінде жаппай ашық онлайн курс платформасы негізінде (Coursera, Open edX, Udacity, Future Learn) оқыту курсынан сәтті өткендігін растайтын сертификаттың немесе соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер профиліне сәйкес келетін, ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағат болатын біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттың болуы.
- «Профессор» ғылыми атағы бар тұлғалар үшін 4-тармақтың талаптарын орындау міндетті емес.
2. Бос лауазымның атауы: Қауымдастырылған профессор
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы.
- Академиялық / ғылыми дәрежесінің болуы: философия докторы (PhD) немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор.
- Ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметтегі үзіліссіз еңбек өтілі – диссертацияны қорғағаннан кейінгі кезеңде ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша кемінде 3 жыл.
- Диссертацияны қорғағаннан кейінгі кезеңде кемінде 10 ғылыми жарияланымының болуы, соның ішінде:
- ғылыми қызметтің негізгі нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда жарияланған кемінде 5 мақала;
- Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 немесе 3 квартильге енетін немесе Scopus дерекқорында CiteScore көрсеткіші бойынша салалық процентилі кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 2 мақала.
- Кәсіби қызметке сәйкес шет тілінде жаппай ашық онлайн курс платформасы негізінде (Coursera, Open edX, Udacity, Future Learn) оқыту курсынан сәтті өткенін растайтын сертификаттың немесе соңғы 3 жылда оқытылатын пәндерге сәйкес келетін, көлемі кемінде 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттың болуы.
- «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы бар тұлғалар үшін 4-тармақтың талаптарын орындау міндетті емес.
3. Бос лауазымның атауы: Сеньор-лектор
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Тиісті бейін бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, философия докторы (PhD) дәрежесі немесе Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі, педагогикалық циклден өткендігі туралы куәлік, бейіндік бағыттағы магистр дәрежесі немесе әлемдік универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, Азия және Азия ойындарының, Еуропа, әлем және Олимпиада чемпиондарын дайындаған жаттықтырушылар.
- Ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметтегі үзіліссіз еңбек өтілі – кемінде 3 жыл, оның ішінде кемінде 1 жыл оқытушы лауазымында немесе кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі.
- Рецензияланатын ғылыми журналдарда немесе ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында жарияланған кемінде 3 ғылыми жарияланымының болуы.
- Кәсіби қызметке сәйкес шет тілінде MOOC (жаппай ашық онлайн курс) платформалары негізінде (Coursera, Open edX, Udacity, Future Learn) ұйымдастырылған курстан сәтті өткенін растайтын сертификаттың немесе соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер бейініне сәйкес көлемі кемінде 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттың болуы.
- Егер үміткерде PhD докторы, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы бар болса, 3-тармақтың талаптарын орындау міндетті емес.
4. Бос лауазымның атауы: Оқытушы
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы.
- Академиялық / ғылыми дәрежесінің болуы: магистр.
- Кәсіби қызметке сәйкес шет тілінде жаппай ашық онлайн курс платформалары негізінде (Coursera, Open edX, Udacity, Future Learn) ұйымдастырылған курстан сәтті өткенін растайтын сертификаттың немесе соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер бейініне сәйкес көлемі кемінде 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттың болуы.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылдың 12 мамыр - 16 маусым аралығы
Конкурс өтетін орын: Астана қ., Экспо бизнес-центрі, Мәңгілік Ел даңғ., B 2.2
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларына 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ректордың атына өтініш.
2) Түйіндеме (үш тілдің кез келгенінде: қазақ, орыс, ағылшын, үміткердің таңдауы бойынша).
3) жеке куәліктің көшірмесі.
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
7) Медициналық анықтама №075 формасы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №175 бұйрығымен бекітілген.
8) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет беретін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
9) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
10) Соттылықтың бар-жоғы туралы анықтама (өтініш берген кезде ХҚКО-да немесе электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
11) Наркологиялық ұйымнан анықтама, конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтама, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
12) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама, конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтама, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру», № 272 бұйрығымен бекітілген (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
Маңызды: Құжаттар тізіміне сәйкес толық құжаттар топтамасының ұсынылмауы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мекенжай: Астана қ., Экспо бизнес-центрі, Мәңгілік Ел даңғ., B 2.2
8 (700) 957-00-61
8 (700) 957-00-68
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.