№ |
Пәндер |
Профессор |
Қауымдастырылған профессор |
Сеньор-лектор |
Оқытушы |
«Әлеуметттік-гуманитарлық пәндер» департаменті |
|||||
1 |
Шетел тілі (ағылшын) |
- |
2 |
- |
- |
2 |
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, философия) |
|
2 |
- |
- |
3 |
Қазақ тілінде оқытатын топқа арналған орыс тілі |
- |
2 |
1 |
- |
«Спорттық білім және коучинг» департаменті |
|||||
1 |
Дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды даярлау саласында |
- |
4 |
10 |
- |
2 |
Спорттың анатомиялық-физиологиялық және медициналық негіздері бағытында |
- |
- |
1 |
- |
Барлығы |
- |
12 |
12 |
- |
Бос лауазымның атауы: Профессор
Оқытылатын пәндер:
- дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды даярлау саласында.
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1. Профессор лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
1.1. сәйкес профильдер бойынша жоғары білім, ғылым докторы, ғылым кандидаты, бейіні бойынша доктор, PhD докторы ғылыми дәрежесі, профессор ғылыми атағы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитетінің full professor), қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы;
1.2. қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алғаннан кейінгі ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, Web of Science Clarivate Analytics және/немесе Scopus 1-2 квартиль немесе процентиль кемінде 50 индекстелген деректер базасында кемінде 2 жарияланымы бар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын тізімге кіретін ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерінің кемінде 20 жарияланымы, кемінде 1 ғылым докторын, 1 ғылым кандидатын немесе PhD докторы дайындаған.
1.3. кәсіби қызметі бойынша ЖАОК Coursera, edX, FutureLearn, Udacity) платформасы базасы арқылы шет тілінде курс өткендігі туралы немесе ғылыми тағылымдамадан өткендігі, ғылыми семинарларға қатысқаны және соңғы 3 жылда кемінде өзінің пәніне сәйкес 72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы кемінде 2 сертификаты болуы шарт.
1.4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитетінің «full professor» ғылыми дәрежесі болған жағдайда 1.2 шартын орындау талап етілмейді.
Бос лауазымның атауы: Қауымдастырылған профессор
Оқытылатын пәндер:
- дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды даярлау саласында;
- шетел тілі (ағылшын);
- әлеуметтік-гуманитарлық пәндер (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, философия);
- қазақ тілінде оқытатын топқа арналған орыс тілі;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
2. Қауымдастырылған профессор лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
2.1. сәйкес профильдер бойынша жоғары білім, ғылым докторы, ғылым кандидаты, бейіні бойынша доктор, PhD докторы ғылыми дәрежесі, профессор ғылыми атағы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитетінің қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы;
2.2. PhD докторы ғылыми дәрежесі атағын алғаннан кейінгі Web of Science Clarivate Analytics және/немесе Scopus деректер базасында 35 индекстелген кемінде 2 жарияланымы бар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын тізімге кіретін ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерінің кемінде 10 жарияланымы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
2.3. кәсіби қызметі бойынша ЖАОК Coursera, edX, FutureLearn, Udacity) платформасы базасы арқылы шет тілінде курс өткендігі туралы немесе ғылыми тағылымдамадан өткендігі, ғылыми семинарларға қатысқаны және соңғы 3 жылда кемінде өзінің пәніне сәйкес 72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы кемінде 2 сертификаты болуы шарт.
1.4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитетінің қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми дәрежесі болған жағдайда 2.2 шартын орындау талап етілмейді.
Бос лауазымның атауы: Сеньор-лектор
Оқытылатын пәндер:
- дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды даярлау саласында.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
3. Департаменттің сеньор-лектор лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
3.1. сәйкес профильдер бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім), PhD докторы дәрежесі немесе ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр академиялық дәрежесі,педагогикалық циклдан өткендігі туралы куәлігі бар профильдік бағыттағы магистр дәрежесі немесе әлемдік универсиадаларда чемпиондар мен жүлдегерлерді, Азия және Азия ойындарында чемпиондарды, Еуропа, Әлем және Олимпиада ойындарында чемпиондар мен жүлдегерлерді дайындаған жаттықтырушылар.
3.2 ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметтің үздіксіз өтілі - 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында 1 жыл немесе 3 жыл практикалық тәжірибесі бар.
3.3 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын тізбеге кіретін ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерінің кемінде 1 жарияланымы.
3.4 кәсіби қызметі бойынша ЖАОК Coursera, edX, FutureLearn, Udacity) платформасы базасы арқылы шет тілінде курс өткендігі туралы немесе ғылыми тағылымдамадан өткендігі, ғылыми семинарларға қатысқаны және соңғы 3 жылда кемінде өзінің пәніне сәйкес 72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы кемінде 2 сертификаты болуы шарт.
3.5. «PhD» доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда 3.3 шартын орындау талап етілмейді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылдың 16-29 шілде аралығы
Конкурс өтетін орын: Астана қ., Экспо бизнес-центрі, Мәңгілік Ел даңғ., B 2.2
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларына 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ректордың атына өтініш.
2) «Europass» форматындағы түйіндеме (үш тілдің кез келгенінде: қазақ, орыс, ағылшын, үміткердің таңдауы бойынша).
https://europass.europa.eu/en/create-europass-cv
3) жеке куәліктің көшірмесі.
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
7) Медициналық анықтама №075 формасы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №175 бұйрығымен бекітілген.
8) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет беретін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
9) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
10) Соттылықтың бар-жоғы туралы анықтама (өтініш берген кезде ХҚКО-да немесе электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
11) Наркологиялық ұйымнан анықтама, конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтама, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
12) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама, конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтама, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру», № 272 бұйрығымен бекітілген (электрондық үкімет веб-порталы арқылы беріледі: www.egov.kz).
Маңызды: Құжаттар тізіміне сәйкес толық құжаттар топтамасының ұсынылмауы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС ресми интернет-сайтында ұсынылуы тиіс.
Мекенжай: Астана қ., Экспо бизнес-центрі, Мәңгілік Ел даңғ., B 2.2
8 (700) 957-00-61
8 (700) 957-00-62
8 (700) 957-00-68
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.