KNUS студенті — 800 м финалында!
Тяньцзинь қаласында (ҚХР) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан қысқы Азия чемпионатында 800 метр қашықтыққа іріктеу жарыстары өтті. Қазақстан атынан Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) студенті Екатерина Колода өнер көрсетті.
Екатерина үшін бұл жарыс оңай болған жоқ: қарсыластары алғашқы метрлерден-ақ жоғары қарқынмен бастады. Соған қарамастан, ол бар күшін салып, жоғары жылдамдық көрсетті.
Өз жүгіруінде мәреге соңғы болып жеткеніне қарамастан, көрсеткен уақытының арқасында ең үздік нәтижелердің бірімен финалға жолдама алды. Биылғы Қазақстанның вице-чемпионы басты міндетті орындап, шешуші кезеңге өтті.
KNUS студентімен мақтанамыз!
Финалда спортшыларымызға жанкүйер болайық!














