Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсын өткізетіндігі жөнінде хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, конкурсқа құжаттарын тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурс жыл сайын екі кезең бойынша өткізіледі, ЖОО ішінде және республикалық.
Конкурстың I кезеңі – ЖОО ішінде, 2025 жылдың 3-14 қараша аралығында өтеді.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Үміткерлер ЖОО ішіндегі конкурстың нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.














