«Жошы ұлысы және оның қазақ тарихында алатын орны»

02 ақпан 2024 жылы «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт» Академиясында биылғы жылы Жошы ұлысының 800 жылдық мерейтойына орай TR2309 тобында философия докторы PhD, сеньор-лектор Г.У.Ахметшина мен гуманитарлық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор Д.С.Смагулов «Жошы ұлысы және оның қазақ тарихында алатын орны» деген тақырыпта танымдық дәріс өткізді. Дәрісте Жошы ханның өмірі мен қызметі, оның ұрпақтары, Жошы ұлысының қазақ тарихындағы маңызы сияқты мәселелерге тереңінен тоқталып, студенттермен пікірталас жүргізілді. Жошы ханның тұлғасы, Жошы ұлысының құндылығы туралы маңызды мағлұматтар берілді.

Сотрудничество