ЖАС ҚАЛАМГЕР» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

 2024 жылдың 28 ақпанында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай өткен байқауға академияның атынан «Жас қаламгер» әдеби-танымдық клубының  мүшелері қатысты.

 Байқауға Астана қаласының жоғары оқу орындары, атап айтсақ, Еуразия ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық өнер университеті және т.б. қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Жаңбырбай Әнуар иеленді. Оның орындауындағы Сәкеннің «Тау ішінде» әні көрермен көңілінен шығып, ыстық ықыласқа ие болды.  Байқауға қатысқан Скажутин Всеволод, Згога Валентина, Мұхаметзәкір Рамазан, Бақыт Қазбек алғыс хатпен марапатталды.  

 

Сотрудничество