Жақсылық жасаудан жалықпайық! ✨

2024 жылы 8 қараша күні біздің белсенді студенттеріміз керемет бір бастамаға қатысып, қарттар үйіне арнайы барып қайтты. Бұл кездесу тек бір уақыттық іс-шара емес, жүректен шыққан жылулық пен қамқорлықтың айғағы болды.

Қарттар – біздің алтын діңгегіміз, өмірлік тәжірибесі мол, талай жасты тәрбиелеген асыл жандар. Өкінішке қарай, бүгінде олардың кейбірі жалғыз, жан жылуына зәру. Сол себепті студенттеріміз осындай жандармен жүздесіп, оларға тек материалдық көмек емес, ең бастысы – көңіл мен мейірім сыйлауды жөн көрді.

Кездесу барысында әжелер мен аталар студенттерге ақ баталарын беріп, өмірден алған сабақтарымен бөлісті. Ал жастар өз кезегінде өнерлерін көрсетіп, ән айтып, сыйлықтар тарту етті. Бұл — ұрпақтар сабақтастығының тамаша көрінісі болды.

 

Сотрудничество