Үздік университет оқытушысы

Біздің қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. Қуанғалиева Тұрсынзада Қуанғалиқызы «Қазақстан Республикасының үздік оқытушысы – 2022» атағын алған.

Тұрсынзада Қуанғалиқызы өзінің талантымен, ынтасымен студенттерді ғана емес, сонымен қатар әріптестерін де шабыттандырып, жігерлендіреді. Біз оның Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына және жалпы Қазақстандағы жоғары білім саласына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтамыз. Оның кәсібилігі мен ғылымға деген адалдығы бәрімізге шабыт береді!

Бұндай жетістік Тұрсынзада Қуанғалиқызының жоғары білім берудегі зор еңбегі үшін жоғары құрмет және лайықты баға болып табылады. Біз профессорымызды мақтан тұтамыз және оның ғылыми қызметінде одан әрі табыстар мен жетістіктерді тілейміз.

Сотрудничество