ЗАМАНАУИ СПОРТ НЫСАНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
ЗАМАНАУИ СПОРТ НЫСАНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

EMBA Sport Management тыңдаушылары Быдгощ қ. заманауи спорт инфрақұрылымын басқару тәжірибесін зерделеді.

Astoria бассейні – тереңдігі автоматты өзгеретін, энергия үнемдейтін технологиямен жабдықталған нысан. Zawisza, Łuczniczka, TorBud және Bydgostia секілді нысандарда цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтері қолданылуда. Кездесулерде тиімді басқару, ресурсты үнемдеу және спорт нысандарын тұрақты дамыту мәселелері қаралды.

Сапардың негізгі мақсаты – заманауи спорттық инфрақұрылымды басқару саласындағы озық еуропалық тәжірибелермен танысу, цифрлық трансформация мен жасыл технологияларды енгізу үлгілерін зерттеу болды. Тыңдаушылар үшін бұл тәжірибе спорт саласын жаңғырту жолындағы стратегиялық пайым мен жаңа көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

Сотрудничество