ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы ұйымдастырған MEETING WITHOUT TIES іс-шарасында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Болатұлы Имашев сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс айтты. Азамат Болатұлы спорт менеджменті саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті және Қазақстандағы спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелеріне назар аударды.
Сонымен қатар, Азамат Болатұлы "Спорттық менеджменттің болашағы" тақырыбындағы бірінші панельдік пікірталаста сарапшы ретінде қатысты. Пікірталас аясында ол еліміздегі спорт менеджментінің қазіргі жағдайы мен мемлекеттік деңгейде оның жақсартылуына бағытталған шаралар туралы сұрақтарға жауап берді. Азамат Болатұлы өз сөзінде заманауи менеджерлердің спорт саласында цифрландыру мен технологиялар дамуына табысты бейімделу үшін қажет жаңа біліктіліктер мен дағдыларын атап өтті.