Бүгін дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына Түркияның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Юнус Эмре институтының басшысы келді.
Кездесудің мақсаты-мәдени, білім беру және спорттық өзара серіктестікті нығайту. Кездесу барысында студенттерге арналған тілдік курстар, мәдениет және білім беру саласындағы бірлескен жобалар, сондай-ақ спорттық бастамалар туралы ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды. Ерекше назар жас спортшыларды қолдауға және салауатты өмір салтын насихаттауға аударылды.
Бұл кездесу біздің академияның студенттері мен спортшыларына жаңа мүмкіндіктер ашатын нәтижелі серіктестіктің бастамасы болатынына сенімдіміз.