Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Қазақстандық конькишілер одағымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Мақсаты - Академияның білім беру бағдарламалары аясында конькимен жүгіру спорт түрлері бойынша кадрлық әлеуетті және спорттық резервті дамыту.
Келісім шеңберінде тәжірибелерді, тағылымдамаларды, ғылыми жобаларды ұйымдастыру және талантты жастарды қолдау жоспарлануда.
Тараптар ұзақ мерзімді жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.
Одақтың атқарушы директоры Бесбаев Олжасқа Қазақстанда спортты бірлесіп дамытуға деген сенімі мен ұмтылысы үшін алғыс айтамыз!