EMBA SPORT MANAGEMENT бағдарламасының тыңдаушылары шетелдік тағылымдаманың 1-ші күні WSG университеті (Польша, Быдгощ) басшылығымен ресми кездесуге қатысты.
Кездесуге ректор Prof. Maker Chamot, проректор Prof. Magdalena Bergman, Спорт және дене шынықтыру институтының директоры Prof. Alexander Skaliy, декан Prof. Tatiana Skaliy қатысты. WSG басшылығы білім алмасудың маңызын атап өтті.
Аталған тағылымдама халықаралық академиялық серіктестікті кеңейтуге, заманауи спорттық басқару тәжірибелерімен танысуға және Еуропалық университеттермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Бұл кездесу EMBA бағдарламасының басты мақсаты – басқарушылық құзыреттерді халықаралық деңгейде дамытуға жасалған алғашқы нақты қадам болды.