Web-қосымшаларды жобалау. Гипермәтіндік құжаттарды құру тілі – HTML Тобы: TR2304

2024 жылдың 21 ақпанында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер департаментінің сеньор-лекторы, информатика магистрі Нигметов Қанат Уалиденұлының TR2304 тобында "Web-қосымшаларды жобалау. Гипермәтіндік құжаттарды құру тілі – HTML" атты ашық сабағы өтті. Сабақ барысында Web-беттерде кестелер құруды, жолдар мен бағандарды қосуды, кестедегі ұяшықтарды біріктіру мен бөлуді, сондай-ақ тізімдерге қатысты тэгтерді талдауды және әртүрлі тізім түрлерін жазу үшін қосымша атрибуттарды табуды қамтитын әртүрлі тапсырмалар қолданылды. Студенттер HTML тілінде гипермәтіндік құжаттарды жасау дағдыларын көрсете отырып, ашық сабаққа белсенді қатысты.

Сотрудничество