«Тоғызқұмалақ»

2023 жылдың 13 қаңтарында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (әрі қарай – APEMS) мен Қазақстан Республикасының «Тоғызқұмалақ» Федерациясының өкілдері арасында үстел спорт түрлерінің бірі, қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны – тоғызқұмалақтан педагог-жаттықтырушыны даярлау бойынша жоғары білім беру бағдарламасын құру жөніндегі сұрақтар талқыланды.

Кездесуге Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Бас хатшысы – Шотаев Мақсат Есенбекұлы және тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы – Абдикаримов Дәулет Ұзаққалиұлы, APEMS-тің Академиялық қызмет жөніндегі проректор – Куангалиева Тұрсынзада Куангалиевна, Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор – Кулбаев Айбол Тиналович, Академиялық қызметтер департаментінің директоры – Кенжин Жаксат Болатович қатысты.

Жаңа білім беру бағдарламасы аясында Қазақстанның үстел спорт түрлерінде (тоғызқұмалақ бойынша) халықаралық бәсекеге қабілеттілігін нығайта алатын және спорт арқылы еліміздің беделін арттыру үшін әлемдік нарыққа шығуға көмектесетін жоғары білікті педагог-жаттықтырушылар даярланады.

APEMS – оқытудың дуалды қағидаттары негізінде үздіксіз кәсіптік білім берудің тиімді инновациялық жүйесінің негізінде аталған спорт түрі бойынша заманауи мамандарды даярлайтын алғашқы жоғары оқу орны болады.

Сотрудничество