Отбасы құндылығы және гендерлік саясат

2023 жылдың 21 сәуірінде "Отбасы құндылығы және гендерлік саясат" тақырыбында "Үміт" дағдарыс орталығының өкілдерімен еркін форматта кездесу өтті.

Кездесу студенттермен ой бөлісіп, пікірлерін тыңдап, оларға дұрыс түсінік беру мақсатында өткізілді. Кездесуге орталықтан әлеуметтік жұмыс бойынша маман Байтишова Амина, орталық психологы Асылбекова Асель келді.

Кездесу барысында студенттерге отбасында және қоршаған ортасында болатын зорлық-зомбылықты, әйелдер мен ерлердің теңдігі, отбасында болатын мәселелерді қалай оңтайлы шешу туралы мәселелер қозғалды.

 

Сотрудничество