2025 жылғы 3 маусымда Астана қаласында «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» мен «Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы» арасында «Үстел спорты бойынша педагог-жаттықтырушы (тоғызқұмалақ)» білім беру бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.
Келісім аясында тараптар келесі бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істейді
• Тоғызқұмалақ спорты бойынша кадрлар даярлау және резерв қалыптастыру
• Кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру
• Бірлескен ғылыми, әдістемелік және білім беру жобаларын іске асыру
• Волонтерлік қозғалысты дамыту және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу
• Спорттық білім беру саласында инновацияларды енгізу.
Академия ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қуанғалиева Тұрсынзада Қуанғалиевна атап өткендей, меморандумның басты мақсаты — қазақ халқының ұлттық интеллектуалды спорты болып табылатын тоғызқұмалақты жан-жақты дамыту, оның тарихи-мәдени құндылығын насихаттау және спорттық білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту.
Бұл ынтымақтастық — тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейде дамуына, ғылыми зерттеулердің тереңдеуіне және отандық спорт кадрларының кәсіби біліктілігінің артуына жол ашады.