STUDY IN KAZAKHSTAN БАКУДА Қазақстанның жоғары білімін әлемге таныту - Академия физической культуры и массового спорта

2025 жылдың 4-5 наурыз күндері APEMS өкілдері Бакуде (Әзірбайжан) өткен Study in Kazakhstan білім жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі және Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің мақсаты – Қазақстанның жоғары білімін шетелде таныту және шетелдік студенттерді Қазақстанда білім алуға тарту. Мұндай шаралар Қазақстан жоғары оқу орындарына халықаралық имиджін академиялық қауымдастықта нығайтуға және шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

Сотрудничество