«Студентке бағытталған оқыту қағидаттарын іске асырудағы профессор-оқытушылар құрамының рөлі»

🎓 2024 жылғы 2 желтоқсанында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында «Студентке бағытталған оқыту қағидаттарын іске асырудағы профессор-оқытушылар құрамының рөлі» тақырыбында әдістемелік семинардың бірінші күні өтті.

Іс-шара барысында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
✔️ Студентке бағытталған оқыту қағидаттары және оларды білім беру үдерісіне енгізу (Кенжин Ж.Б., PhD, қауымдастырылған профессор);
✔️ Спорттық даярлықтың және студент-спортшылардың кәсіби қызметінің негізгі тұжырымдамалары (Мұхамбет Ж.С., PhD, қауымдастырылған профессор);
✔️ Контекстік әдіснамаға негізделген тест тапсырмаларын әзірлеу: әдістеме және практикалық аспектілер (Смагулов Д.С., магистр, сеньор-лектор).

Семинардың бірінші күні Психологиялық орталық жетекшісі Тильмагамбетова Р.Е. ұйымдастырған арт-терапиялық сессиямен аяқталды. Бұл жұмыс профессор-оқытушылар құрамының эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға және кәсіби тиімділігін арттыруға бағытталды.

Семинардың екінші күні білім беру үдерісінің сапасын арттыру және студенттермен өзара іс-қимылды жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылатын болады.  

 

Сотрудничество