2025 жылғы 27 наурызда Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында «Sport Education and Coaching» академиялық комитетінің кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында В005 «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағытының бағдарламалары талқыланып, академиялық қауымдастық, жұмыс берушілер және өзге де мүдделі тараптар өкілдері қатысты.
Отырыс барысында академия түлегінің моделі, оқу жоспарларын өзектендіру, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ практикаға бағытталған әдістерді енгізу мәселелері қарастырылды. Осы тұрғыда жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Талқылауға «Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК бас директоры Ташметов А.Б., осы орталықтың спорттық іс-шараларды өткізу, талдау және статистика бөлімінің меңгерушісі Байбосынов Д.С., дене шынықтыру мамандары мен педагогтердің біліктілігін арттыру зертханасының меңгерушісі Раймбекова Ж.А., сондай-ақ оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының меңгерушісі Мамырханова А.М. қатысты. Сонымен қатар, отырысқа Олимпиадалық даярлау орталығының спорт түрлері бойынша әдіскері Көпжасар Д.Б., Бочча Федерациясының бас хатшысы Улжекова Г.Т., сондай-ақ Астана қаласының білім беру мекемелерінің өкілдері – №111 орта мектеп директоры Джумартова Д.М., №95 мектеп-лицейінің директоры Аубакирова Ш.А., №97 мектеп-гимназиясының директоры Киянова З.Е. және А.Байтұрсынов атындағы Binom мектеп-лицейінің дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Забенов А.Қ. қатысты.
Жетекші ұйымдардың өкілдері мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған өз пікірлерін білдіріп, бірқатар маңызды ұсыныстар жасады.