Спорттық және жауынгерлік самбодан ҚР чемпионаты

Спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғары көрсеткіштерді көрсеткен дарынды студенттеріміз – Жұпаева Аруна мен Нұрбаева Мадинаны бұл жетістіктерімен құттықтаймыз!

Аруна, 47 келі салмақта 2-орын, Мадина 65 келі салмақта 3-орын алды. Жарыстарда жоғары дайындық пен нағыз табандылық танытқан спортшыларымызбен мақтанамыз. Олардың табандылығы және жеңіске деген құлшынысы біздің барлық студенттеріміз үшін тамаша үлгі болып табылады.

Күміс және қола жүлдегерлеріміздің мұнымен тоқтап қалмай, спорттық мансабтарында жаңа белестерді бағындыратындарына сенімдіміз. Біз оларға табыс, жаңа жеңістер және сарқылмас ынта тілейміз!

Сотрудничество