2025 жылғы 28 маусымда Астанада өткен EMBA SPORT & WELLNESS FORUM 2025 аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы мен спорт және медицина саласындағы негізгі ұйымдар арасындағы байланысты нығайта түсетін стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды:
- Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы
Бас директордың м.а. — Махметов Ержан Ермекұлы - MTEX Management
Бас директор — Қаламов Айбек Сайранұлы
(басқаратын нысандар: «Барыс Арена», «Barys Arena Pool», «Астана Арена», «Алау»)
Бұл стратегиялық әріптестік ғылыми, білім беру және тәжірибеге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ спорт және медицина салалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған.
Серіктестіктің негізгі бағыттары:
- бірлескен біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу;
- тыңдаушыларға нақты инфрақұрылым мен басқару тәжірибесіне қол жеткізу;
- тәжірибелі сарапшылардың оқу процесіне қатысуы;
- форумдар, тағылымдамалар және салалық тренингтер ұйымдастыру.
Академия Қазақстанда спорттық білім берудің жүйелі трансформациясын жалғастыруда.