2025 жылғы 27 мамырда жоғары білім беруді халықаралық деңгейде дамыту стратегиясы аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Францияның По қаласындағы Eklore-Ed Жоғары менеджмент мектебімен қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Екі ЖОО бірлесіп қос диплом беретін “Спорт менеджменті” EMBA инновациялық бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама аяқталған соң тыңдаушылар Академия мен Eklore-Ed дипломдарын алады.
По қаласы — Франциядағы спорт менеджментінің жетекші орталықтарының бірі, мұнда спорт индустриясы белсенді дамуда, сондықтан Академия базасында Академиялық және зерттеу шеберлігі орталығын құру үшін бағдарлама серіктесі ретінде спорт саласындағы халықаралық бизнесте, басқару кадрларын даярлауда мол тәжірибеге және индустриямен тығыз байланысқа ие Eklore-Ed университеті таңдалып отыр.
Бұл қадам білімалушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, шетелдік тәжірибе алмасуға, тағылымдамалар ұйымдастыруға және Қазақстандағы спорт саласын дамытуға жол ашады.