«Спорттық білім берудегі трансформация» атты конференция өтті

2025 жылғы 19 маусым күні Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында
«Спорттық білім берудегі трансформация: Академия – спорт және денсаулық индустриясына кадрлық платформа» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараға спорт саласының мамандары, киберспорт өкілдері, медициналық оңалту орталықтары мен бейімделген дене шынықтыру бойынша сарапшылар қатысты.

Конференция аясында келесі білім беру бағдарламалары таныстырылды:
— «Киберспорт» (Саида Смакова)
— «Спорттық оңалту» (Айнұр Әбілтаева)
— «Бейімделген дене шынықтыру мұғалімі» (Нұргүл Үлжекова)
— «Бапкерлік қызмет» (Андрей Щунько)

Қатысушылар заманауи спорттық білім беру, инклюзивті бағыттарды дамыту және кадр даярлау мәселелерін талқылады.
Конференция аясында келесі ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды:
— Qazaq Cybersport Federation
— IV PLUS (Медициналық оңалту орталығы)
Іс-шара ректордың сұхбатымен және бейресми жағдайда өткен кофе-брейкпен аяқталды.

Барлық қонақта

 

Сотрудничество