«Спорт – жастарды дамыту және тұрақты болашаққа жету құралы»
«Спорт – жастарды дамыту және тұрақты болашаққа жету құралы»

2025 жылғы 25 қыркүйекте Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры Қуанғалиева Т.К. ЮНЕСКО мен Корея спорт ғылымдары институты бірлесіп ұйымдастырған «Спорт – жастарды дамыту және тұрақты болашаққа жету құралы» атты Халықаралық семинарға (Оңтүстік Корея, Сеул қ.) қатысты.

Семинар барысында ректор:
«Ұлттық бағдарламалардан жаһандық стандарттарға: Қазақстандағы спорттық білім беруде сапалы дене тәрбиесі қағидаттарын енгізу» тақырыбында баяндама жасады.

Ректормен бірге Академияның Спорт ғылымы және инновациялар ғылыми-зерттеу институтының директоры Тен А.В. да семинар жұмысына қатысып, университеттің ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастық саласындағы бастамаларын таныстырды.

Аталған семинарға ЮНЕСКО сарапшылары, 30-дан астам елдің ғалымдары мен практиктері, спорт ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ жауынгерлік өнер саласының зерттеушілері мен жаттықтырушылары қатысты.
Бұл пікірталас алаңы жауынгерлік өнер тәжірибесі мен үздік практикаларды талқылауға, олардың жастарды тәрбиелеудегі, көшбасшылықты қалыптастырудағы және тұрақты болашақты қамтамасыз етудегі рөліне арналды.

Қазақстан үшін мұндай форумға қатысу келесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады:
• сапалы дене тәрбиесінің жаһандық стандарттарын білім беру бағдарламаларына енгізу;
• жауынгерлік өнер саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
• Академияны Орталық Азия аймағындағы спорт ғылымы мен білім беру орталығы ретінде ілгерілету.

 

Сотрудничество