Академия құрылған күннен бастап Марал Қабдрашқызы өзін студенттерге орыс тілін үйретуге арнады. Оның терең білімі, ұстаздық такті мен жан жылуы талай буынға жол сілтеп, шабыт сыйлады.
Сонымен қатар, ол «Жас қаламгер» әдеби клубының жетекшісі болды. Оның бастамасымен поэзия кештері ұйымдастырылып, студенттер шығармашылық қабілеттерін дамытып, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Бүгінде біз Марал Қабдрашқызын зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтаймыз!
Мықты денсаулық, жан тыныштығы, жарқын кездесулер мен шабытты күндер тілейміз.
Академия өміріндегі ізіңіз — өлшеусіз.
Құрметпен,
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ұжымы