ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ I КЕЗЕҢІ - 2023

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттері Мария Геращенко мен Радомир Малов Шаңғы роллерінен FIS Әлем Кубогының 1-ші кезеңінде жоғары нәтижелерді көрсетті!

Қазақстан, Щучинск – 2023 ж. 12-16 шілде

Қазақстанның шаңғы спорты тарихында алғаш рет FIS Әлем Кубогының кезеңі өтті. Жарысқа Қазақстан, Италия, Қырғызстан, Латвия, Норвегия, Швеция, Таиланд және Қытай Тайбэй елдерінен 160-қа жуық спортшы қатысты. 

Жасөспірімдер арасында Мария үздік үштікке енді, Радомир 200 м суперспринтте 2-ші нәтиже көрсетті. Студенттерімізді FIS Әлем Кубогындағы жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Олардың жетістігі бәріміз үшін үлгі. Оларға алдағы уақытта да жеңістер мен спортта жаңа биіктерден көрінулеріне тілектеспіз!

Сотрудничество