Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында «Феникс» балаларды түзету орталығының директоры Әлия Ержанқызы Әлімбаевамен кездесу өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуға, Академияның білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде бейімделген дене шынықтырудың өзекті әдістемелерін енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Ынтымақтастық мыналарды қамтиды:
- «Феникс» орталығы базасында академия студенттері үшін практика мен тағылымдамаларды ұйымдастыру;
- бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу;
- бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру;
- инклюзивті педагогика мен әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Біздің жемісті серіктестігіміз Бейімделген дене шынықтыру және спорт саласында білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға үлес қосады деп сенеміз.