«Рухтастар Cases» диалог алаңы

2023 жылдың 25 қаңтарында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының елордалық филиалы мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) бірлесе отырып, белгілі қоғам қайраткері, қазақстандық музыкант, боксшы, «Дарын» сыйлығының иегері – Ибрагим Ескендірмен кездесуді ұйымдастырды.

Ибрагим Ескендір APEMS жас және дарынды студенттеріне білімге көбірек уақыт бөлуге, өз мүмкіндіктеріне ешқашан күмәнданбауға, әрқашан өздігінен жұмыс істеуге және жаңа шыңдарды бағындыруға кеңес берді. Жиынға шақырылған «Алтын домбыра» мектебінің ұстаздары кездесу барысында бірнеше шығармаларды шебер орындап, білім алушылардың Отанға деген патриоттық сезімін оятты.

«Рухтастар Cases» жобасының мақсаты – белгілі қоғам қайраткерлері мен жастар арасында пікір алмасу және тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын құру. Осы жоба аясында шақырылған спикерлердің жетістіктері қазақстандық жастардың патриоттық сезімін нығайтады және еліктеуге ынталандырады.

 

Сотрудничество