Құрметті 1-3 курс студенттері!

📌 Қысқы емтихан сессиясы 17-28.02.2025ж. аралығында емтихан кестесіне сәйкес өткізіледі. Емтихан кестесін Платонус АЖ-де өз кабинеттеріңізден қарауларыңыз сұралады https://platonus.apems.edu.kz/ . Емтихан тапсыруда сәттілік тілейміз!


 

Cтуденттерге арналған ЖАДЫНАМА

  1. 1-3 курс білім алушыларына арналған қысқы емтихан сессиясы академиялық күнтізбеге сәйкес 2025 жылдың 17-28 ақпан аралығында өтеді.

📌Жалпы ережелер

  1. Емтихан кезінде студент емтихан кестесіндегі уақытқа сәйкес кешікпей келуге міндетті. Емтихан қатаң түрде сессия кестесі бойынша қабылданады!!
  2. Оқу процесінің барлық қатысушылары Академиялық адалдық ережелерін сақтауы керек. Академиялық адалдық қағидаттары қандай да бір жолмен бұзылатын болса, Академиялық адалдық қағидаларында бекітілген рәсімдерге сәйкес қаралатын болады.
  3. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда алған білімдерін бақылауды қамтиды.
  4. Үлгерім рейтингісі ағымдағы бақылау бағаларынан құралады.

📌Емтихан өткізу барысындағы ереже бұзу жағдайларын анықтау

  1. Емтихан тапсыру тәртібін бұзған білім алушы аудиториядан шығарылады. Оқытушы Академиялық қызметтер бойынша департамент директорымен бірлесіп, тәртіп бұзу себебін көрсете отырып акт жасайды.
  2. 15 минут және одан да көп уақыт кешіккен студент емтихан тапсыруға жіберілмейді.
  3. Студент емтиханға 15 минут немесе одан да көп уақыт себепсіз кешіксе/келмесе "F" алады.

 

📌Апелляциялық комиссияға өтініш беру тәртібі

  1. Емтихан нәтижесімен келіспеген студент емтихан нәтижелері шығарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, апелляциялық шағым бере алады. Шағым деканатқа беріледі. Шағым үлгісін (1-қосымша) Платонус АЖ-де жеке кабинетіңізден қарай аласыз.
  2. Апелляциялық комиссия шағымды бір күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауы тиіс.

Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамаға жазылады, соның негізінде емтихан ведомостісі жасалады. Апелляциялық комиссия қабылданған шешімді шағым берген студентке міндетті түрде  дәлелдермен  түсіндіруі тиіс.

Хаттама үлгісі (2-қосымша) Платонус АЖ-де.

 📌 «FX»-ті қайта тапсыру процедурасы

  1. Білім алушы «FX» бағасын алған кезде (25-тен 49%-ға дейін), оқу пәнінің (модулінің) бағдарламасын қайтадан өтпей, Академияның академиялық күнтізбесіне және кестеге сәйкес емтихан тапсыруға тек 1 рет рұқсат етіледі.
  2. Егер «FX» бағасын алған студент белгіленген мерзімде емтиханды қайта тапсырмаса, ол F бағасына теңестіріледі.
  3. Егер «FX» бағасын алған студент қайта тапсырғанда да «FX» немесе «F» бағасын алса, болашақта ол жазғы семестрде немесе одан кейінгі академиялық кезеңде, егер мұндай пән жоспарланған болса, оқу сабақтарының барлық түрлеріне ақылы түрде қайта қатысады.
  4. Білім алушы «F» бағасына сәйкес «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда, жазғы семестрде немесе келесі академиялық кезеңде мұндай пән жоспарланған болса, сол пәнді оқуға қайта жазылып, барлық бағдарламаны ақылы түрде меңгеруі қажет.
  5. «FX» бағасын қайта тапсырғанда «өте жақсы» немесе «жақсы» деген баға алған студентке (грант бойынша оқитын), басқа пәндерден «А», «А-», «В+», «В», «B-», «С+» бағаларын алған жағдайда, шәкіртақы тағайындалады.

Сотрудничество