Аккредитация бойынша семинар

1

2023 жылғы 6 ақпанда Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (бұдан әрі - Академия) базасында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі IQAA (бұдан әрі-БСҚТА) өткізетін институционалдық аккредиттеу аясында оқыту семинары өтті.

Семинарды жоғары оқу орындары мен ҒЗИ (Орталықтар) аккредиттеу бөлімінің басшысы Қарлығаш Мухареденовна Джигитчеева өткізді.

Академияның академиялық қызмет жөніндегі проректоры, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қуанғалиева Турсынзада Қуанғалиқызы семинарды құттықтау сөзімен ашты.

Семинар барысында институционалдық аккредиттеудің барлық стандарттары қаралып, ПОҚ мен қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Сотрудничество